Шымкент тұрғындары жағымсыз иістің шыққанын айтып шағымданды
АСТАНА. KAZINFORM – Қаладағы «KMG Supple Company» ЖШС аумағында болған өрттен кейін тұрғындар жағымсыз иістің шыққаныны айтып шағымданды.
Тұрғындардың тыныс алуы қиындап, бастары аурғаны туралы жергілікті ақпарат құралдары жазды.
«Қорқынышты, 11-шағын ауданнан жағымсыз иіс шыға бастады, дем алу мүмкін емес», - дейді шымкенттіктер.
Олар Төтенше жағдайлар департаментінің апатты жағдайға байланысты алдын ала ескерту жасамағынына наразы.
«Құтқару қызметі ешқандай хабар берген жоқ, дабыл қағарлық оқиға кезінде неге үн-түнсіз отыр», - дейді қала тұрғындары.
Айта кетейік, Экология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан осы уақытқа дейін ауа құрамына қатысты нақты бір жауап берілген жоқ.
«Зертхана мамандары ауаны тексеруге шықты», - деп жауап берді ведомство өкілдері.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкенттегі алапат өрт сөндіріліп, 10 адам медициналық көмекке жүгінгенін жазған едік.