АСТАНА. KAZINFORM — Шымкент қаласында екінші рет қатарынан теннистен челленджер турнирі өтіп жатыр.
Бүгін бастапқы айналымда әлемнің 408-ракеткасы Денис Евсеев пен рейтингіде 612-орындағы Әмір Омарханов кортқа шықты.
Тәжірибелі Д.Евсеев 32-де болса, Әмір 18 жастағы еді.
Бұл екеуінің өзара алғашқы кездесуі болатын.
Қос партия да 6:3, 6:3 есебімен Евсеевтің пайдасына шешілді. 1 сағат 18 минутқа созылған бәсекеде Денис 1 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Ә.Омарханов 1 эйспен шектелді.
Денис Евсеев ширек финалға шығу үшін әлемнің 313-ракеткасы, хорватиялық Мили Поличакпен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Мадрид турнирінің ширек финалынан тыс қалғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).