АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Денис Евсеев жұптық сында Шымкент турнирінің ширек финалына өтті.
Қазақстандық теннисші молдовалық Раду Алботпен бірге алғашқы айналымда жарыстың 1-ракеткалары, белоруссиялықтар Сергей Бетов — Даниил Остапенковқа қарсы келді.
Фаворит белоруссиялықтар болғанына қарамастан, қазақстандық-молдовалық жұп шебер ойын өрнегін көрсете білді — 6:4, 7:6 (7:4).
Сағат жарымға созылған бәсекеде Евсеев — Албот 3 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Бетов — Остапенков 4 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.
Денис Евсеев — Раду Албот жартылай финалға шығу үшін түркиялық Эрги Киркин — босниялық Андрей Недичпен таласады.
Осылайша, Шымкентте Қазақстаннан Д. Евсеев пен Тимофей Скатов жарыс жолын жалғастырады. Т.Скатов жекелей сында ширек финалда Д. Остапенковпен ойнайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Шымкенттегі турнирдің ширек финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).