ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Тергеу барысында автокөтергіштің құлауы салдарынан екі жұмысшының қаза болу себептері мен мән-жайлары анықталмақ.
Полицияның мәлімдеуінше, аталған фактіге байланысты «еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан адамдардың қаза болуы» бабы бойынша іс қозғалған.
— Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады, — делінген Шымкент қалалық полиция департаментінің ақпаратында.
Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында автокөтергіш аударылып, екі адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.