Шымкент зообағының қоршауы неге батып барады

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде Шымкент қаласындағы хайуанаттар бағының қоршауына қатысты видео тарады.

Фото: Видеодан алынған скрин

Тұрғындар жариялаған бейнежазбалардан жол жиегіндегі тротуар деңгейінен зообақ қоршауының төмен орналасқаны көрінеді. Бейнежазба авторлары нысанның сыртқы аумағы батып бара жатқанын айтып, алаңдаушылық білдірген.

Зообақ әкімшілігі тиісті жұмыстар жолайрық құрылысы аяқталғанға дейін жүргізіліп, зообақтың сыртқы қоршауы қалпына келтірілетінін мәлім етті.

Бұған дейін зообақ маңында салынып жатқан жолайрыққа байланысты тұрғындардың көлік кептелісіне шағымданғанын жазған едік