Шымкентте 1 сәуірде жылыту маусымы аяқталады
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Шымкент қаласында 2025-2026 жылғы жылыту маусымы 1 сәуірде аяқталады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
— Шымкент қаласында көктем мезгілінің басталуына және ауа райының жылынуына байланысты жылыту маусымын 1 сәуірде аяқтау жоспарланып отыр, — делінген ресми хабарламада.
Әкімдіктің мәлімдеуінше, қызмет сапасын арттыру мақсатында тұрғындардың өтініштері негізіндегі тиісті жұмыс жыл бойы жалғаса береді.
Сонымен қатар әкімдік сыртқы жылыту жүйелерін жөндеу немесе профилактикалық жұмыс жүргізу қажет болған жағдайда Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына немесе «Қуатжылуорталық-3» МКК-нің диспетчерлік қызметіне хабарласуды ұсынды.
Еске салайық, өткен жылы Шымкентте жылыту маусымы 7 сәуірде ресми түрде аяқталғанын жазған едік.