Тұрғыннан 10 млн теңге бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленушінің арызы негізінде полиция қызметкерлері күдіктілерді жедел анықтап, қамауға алды.
– Күдіктілердің бірінің үйінен қаруға ұқсас екі зат пен төрт патрон тәркіленді. Тергеу әрекеттері нәтижесінде бопсалау арқылы алынған «Mercedes-Benz» автокөлігі мен 300 мың теңге иесіне қайтарылды, – деп хабарлады Шымкент қаласы полиция департаменті.
Сот шешімімен екі азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін Түркістан облысында 5 млн теңге бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталғанын жазған едік.