ШЫМКЕНТ. KAZINFORM-Оқиға қараусыз қалған «Шымкент гидролиз зауыты» аумағында болды.
Ойнап жүрген жеткіншек 5 қабатты ғимараттың 3-ші қабатынан құлап кеткен.
Оқиға орнына жедел жеткен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері алғашқы медициналық қызмет көрсетті.
Ал, жедел жәрдем қызметкерлері келген соң, қызды «ашық аяқ сынығы» диагнозымен ауруханаға алып кетті.
«Шымкент қаласы ТЖД қала тұрғындарына балаларды қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді!» - делінген департаменттің қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.