Полицияның мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген.
— Жасөспірімнің өлімі жүректің бірден тоқтауына байланысты болған. Сонымен қатар тексеру барысында анықталған еңбек заңнамасын бұзу фактілері бойынша тойхана иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті.
Бұған дейін Шымкентте кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын бұзудың 8 фактісі анықталғанын жазған едік.
Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың еңбек етуіне қойылатын талаптар туралы хабарланды.