ШЫМКЕНТ. KAZINFORM- Газ құбырынан шыққан ақаудан 1500 жуық жеке газ тұтынушы мен 7 өндірістік кәсіпорынға уақытша газ беру тоқтатылды.
Қазіргі таңда газ құбырын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бағытта арнайы техникалар мен 30-ға жуық қызметкер жұмылдырылған.
«Мәртөбе елді мекенінде Ду-325 мм жоғары қысымды газ құбырынан табиғи газдың шығыны (утечка) анықталды. Апат салдарынан 1500 жеке газ тұтынушы мен 7 өндірістік кәсіпорынға уақытша газ беру тоқтатылды. Жұмыс қарқынды түрде жүргізілуде. Қайта қосу жұмыстары қосымша хабарланатын болады» - делінген Шымкент қаласы әкімдігі таратқан ақпаратта.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.