Астанада ауа температурасы күндіз 9 градусқа дейін көтеріліп, түнде 6 градус шамасында болады. Синоптиктердің болжамынша, түстен кейін жаңбыр жауып, кешкі уақытта да жауын-шашын жалғасуы мүмкін.
Алматыда күн күңгірт болғанымен, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы 20 градусқа дейін жетсе, түнде 10 градус шамасында болады.
Шымкентте бүгін еліміздегі ең жылы ауа райы болжанып отыр. Күндіз ауа температурасы 26 градусқа дейін көтеріліп, түнде 14 градус болады. Аспанды жоғары бұлттар торлағанымен, жауын-шашын күтілмейді.
Қарағандыда күн негізінен бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 13 градусқа дейін көтерілсе, түнде 10 градус шамасында сақталады. Күндіз жауын-шашын ықтималдығы төмен, алайда түнде жаңбыр жаууы мүмкін.
Жалпы, бүгін ең жылы ауа райы Шымкентте, ал ең жоғары жауын-шашын ықтималдығы Астанада. Тұрғындарға ауа райының құбылуына байланысты күнделікті жоспарын алдын ала ескеріп, тиісті сақтық шараларын ұстанған жөн.
Еске салсақ, 8 қарашада елдің 17 облысында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында ауа райына байланысты ескерту жариялалаған еді. Синоптиктер жауын-шашын, көктайғақ, тұман, желдің күшеюі және жоғары өрт қаупі болатынын болжайды.