Шымкентте 26 жастағы тұрғынның мәйіті табылды
23:10, 02 Тамыз 2025
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM-Аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Шымкент қаласы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталып, тергеу изоляторына қамалған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
— Полиция департаменті жалған ақпарат таратудың қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жазаланатынын ескертеді, — делінген ведоомства ақпаратында.
Айта кетелік Түркістан мен Шымкентте 48 адам рақымшылықпен бостандыққа шыққан еді.