Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында Шымкентке есірткі жеткізу арнасының жолын кесті.
- Жамбыл облысының 58 және 51 жастағы тұрғыны ұсталып, олардан 30 келіге жуық кептірілген марихуана тәркіленді. Бұл есірткі заттарын олар 1,5 миллион теңгеге сатпақ болған, - деп жазды полицияның баспасөз қызметінен.
Қазіргі таңда осы жайт бойынша тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауда.
Полиция есірткімен байланысты кез келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте жаңа қосылған шырша өртеніп кете жаздағанын жазғанбыз.