Оқиға бүгін, 6 шілде күні Қ.Төлеметов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Дәрігерлердің айтуынша, балабақша жасындағы бүлдіршіннің жағдайы орташа.
Қалалық ТЖД ата-аналар мен ересектерге балаларды қараусыз қалдырмауды және сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды. Ол үшін:
- Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз;
- Жиһазды терезелердің жанына қоймаңыз;
- Терезелер арнайы қорғаныс құрылғыларымен болуы керек;
- Бала оны өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын құлыптаңыз;
- Баланы терезеде тұруға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, бала сіз үйде болмаған кезде қайталауы мүмкін.
Біз бұған дейін елімізде балалардың көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кету дерегі өсіп жатқаны туралы жаздық. Бала құқықтарын қорғау комитетінің басшысы Насымжан Оспанованың мәліметінше, Қазақстанда жыл басынан бері 14 бала терезеден құлап кеткен.