Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті
22:40, 21 Сәуір 2025
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Қала әкімінің орынбасары Руслан Берденов жарақат алып, ауруханаға түсті.
Оқиға қала әкімдігі маңында болған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті шенеунікке қарай үш рет оқ атқан.
Құқық қорғау органдары шабуыл жасаған адамды жедел түрде ұстады.
Руслан Берденов алдын ала «оң жамбас пен иықтан оқ тиген» деген диагнозбен ауруханаға жеткізілді.
Еске сала кетейік, Руслан Берденов ақпан айының соңында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Бұған дейін ол Мәжіліс депутаты болған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Руслан Берденовтің жаңа қызметке тағайындалғанын жазған едік.