2025 жылғы 10 қарашада Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Шымкент қалалық Полиция департаментінің Абай аудандық полиция басқармасымен бірлесіп, алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру фактілерін анықтау мақсатында бірлескен іс-шаралар жүргізді.
— Іс-шара барысында жалған есепке алу-бақылау маркаларын қолдана отырып алкоголь өнімін өндіретін жасырын цех анықталды. Тексеру нәтижесінде: «Родная степь» маркалы 2 623 бөтелке (0,5 л) алкоголь өнімдері, жалпы көлемі 3 500 литр 5 еурокуб (көлемі 1 тоннадан) этил спирті белгілері бар сұйықтық, өнім құюға арналған 2 аппарат, 10 000 бос бөтелке тәркіленді. Қазір аталған факт бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.
Тергеу аяқталғаннан кейін іс материалдары процессуалдық шешімдер қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданатын болады.
Бұдан бұрын БҚО тұрғыны жасырын зертханада құрамында есірткі бар өсімдік өсіргені анықталды.