Шымкентте аптап ыстықтан электр желілері істен шығып, кей ауданда жарық сөніп қалған

Фото: romatomorrow.it

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Аптап ыстықтан Шымкенттегі электр желілерінен ақау шығып, кей аудандарда жарық сөніп қалған. 

Қалада ауа температурасы 43 градустан асып, электр энергиясына сұраныс күрт өскен. Бұл жағдай желідегі жабдықтардың шамадан тыс жүктелуіне және бұзылуына әкелді. Сонымен қатар жерасты кабель желілерінің бүлінуіне бөгде ұйымдардың келісілмеген жер қазу жұмыстары да себеп болды. 

«Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясы апаттық-қалпына келтіру бригадаларын қосымша жұмылдырып, жарық беру қызметін тезірек қалпына келтіріп жатыр. 

Компания өкілдері тұрғындардан аталған келеңсіз жағдайға түсіністікпен қарауды ескертіп, қолайсыздық үшін кешірім сұрады.

- Электриктер жұмысын күшейтіп, жарықты тұрақты жеткізуге бар күшін салып жатыр, - делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері аптап ыстық біртіндеп бәсеңдейді. 25 маусымда ауа температурасы +26°С дейін төмендеп, бұлтты ауа райы сақталады, жауын-шашын болмайды. 26 маусымда күндізгі ауа температурасы +28...+30°С, 27 маусымда +30...+32°С дейін көтеріледі. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкенттегі Бадам өзені жағасында құм мен қиыршық тас заңсыз өндіріліп келгенін жазған болатынбыз.