Осы факті бойынша қала прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 245-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару).
– «A» ЖШС-ның басшысы сенімсіз жеткізушілермен формальді мәмілелер жасау арқылы салық төлеуден жалтарғаны үшін айыпталып отыр. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды, - делінген қалалық прокуратура хабарламасында.
Бұған дейін жазғанымыздай, Шымкентте алаяқтар баспанасы жоқ адамдардың атынан 22 млн теңге несие рәсімдеген.