Шымкентте Атамбай, Мұса, Мүслім атты үшем дүниеге келді
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - №2 қалалық ауруханаға қарасты перзентхана дәрігерлері мерзімінен бұрын туған сәбилерді күтіп-баптап бүгін шаңырағына шығарып салды.
Наргиза Әшірметованы дәрігерлер 2 ақпан күні кесір тілігі арқылы босандырып алған.
31 жастағы қала тұрғынының бұл — төртінші рет құрсақ көтеруі.
Үшемге жүкті екенін жас ана жүктілігінің алғашқы аптасында білген.
33 аптада, яғни айы-күні толмай туылған сәбилердің өкпесі дұрыс дамымай туған нәрестелердің үшеуі бірдей жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Перзентхана дәрігерлерінің қатаң бақылауында болған нәрестелердің әрқайсысы осы уақыт ішінде 2 келіден аса салмақ қосқан.
Үшемді ата анасы Атамбай, Мұса, Мүслім деп атаған.
Денсаулық жағдайы жақсарған үшем мен анасын дәрігерлер бүгін сыйлық табыс етіп, үйіне шығарып салды.
Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 4911 сәби дүниеге келген. Оның 2493 — ұл бала болса, 2418 — қыз бала.
Егіздердің саны 50-ге жетіп, екі үшем өмір есігін ашқан.