ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Жеңіл көлік пен қалааралық автобустың соқтығысуы салдарынан бес адам зардап шекті, оның екеуі бала.
Оқиға Ғ. Иляев пен А. Байтұрсынов көшелерінің қиылысында болды.
Апат кезінде жол қиылысындағы бағдаршам жұмыс істемеген.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жол-көлік оқиғасына қатысушылар медициналық көмектен бас тартты. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде» делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.