Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті жәбірленушіге өзара жеке бас араздығы негізінде пышақ жарақаттарын салған. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Оқиға туралы полицияға куәгерлер хабарлаған.
- Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні ізін суытпай анықтап, ұстады. Ұстау кезінде қарулы күдікті қарсылық көрсеткен. Осыған байланысты қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болған, - деп жазды жергілікті ПД.
Күдікті медициналық мекемеге жеткізіліп, қазіргі уақытта полицияның күзетінде.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Шымкентте бойжеткеннің өлімінен кейін полиция қызметкерлеріне қатысты іс қозғалды.