Желіде жарияланған видеода беті қан-жоса болған әйелдің жылап отырғаны көрінеді. Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, күйеуі бұған дейін де оған бірнеше рет күш қолданып, балағаттап, өлтіремін деп қорқытқан. Сондай-ақ олардың айтуынша, ер адам әйелінің атына 2 млн теңге көлемінде несие рәсімдеген.
Тергеу барысы Шымкент қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Бұған дейін Жамбыл облысында жас ана қаза болған еді. Оның туыстары өлімнің өзіне қол жұмсау салдарынан болғанына сенбейтінін айтқан. Марқұмның артында сегіз айлық сәбиі қалған.
Сондай-ақ Шымкентте ер адам бұрынғы әйеліне қышқыл шашып, оның денесіне ауыр химиялық күйік келтірген оқиға қоғамның назарын аударған болатын.
Отбасындағы зорлық-зомбылық фактілеріне байланысты Қазақстанның Бас мүфтиі үндеу жасап, әйелге қол көтеру ер адамға лайық емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, отбасындағы жанжалдардың салдары жылдар бойы жазылмайтын із қалдыруы мүмкін.