Шымкентте бәйшешек гүлдеді

Фото: видеодан алынған скрин

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Шымкентте күн райының жылынуына орай көктемнің алғашқы нышандары біліне бастады. 

Көктемнің басталуына әлі бір апта бар. Дегенмен, Оңтүстікте табиғат ояна бастады. Алғашқы бәйшешектің бүр жаруын фотограф Тимур Байғұлов Шымкент дендросабағында суретке түсіріп алған. 

— Бәріңе сәлем, қараңдаршы қандай әдемі! Ақпан айында Шымкентте бәйшешек пайда болды. Мен қазір дендросаябақтамын, түсірілім жасаймын, - деген Тимур Байғұлов видеосын желіге жүктеп, көпшілікпен бөлісті.

Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістан облысында бәйшешек гүлдеп, сарышұнақтар інінен шыға бастағанын жазған болатынбыз. 

«Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің аумағында гүлдеген бәйшешекті табиғат қорғаушылар суретке түсіріп алған. Ал, табиғат жанашырлары бұл қалыпты құбылыс деген баға беріп отыр.