Шымкентте бойжеткенді некеге мәжбүрледі деген күдікпен екі адам қамауға алынды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Әлеуметтік желіде бойжеткеннің тұрмысқа өз еркімен шыққаны, кейін алып қашу дерегі сөз болған видеолар жарияланды. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Фото: ІІМ

Желіде тараған бейнежазбаларда 19 жастағы бойжеткеннің жігітпен кездесіп жүріп, тұрмысқа шыққаны баяндалады.

@zhsmnnn4

РЕЗОНАНС‼️‼️ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ,СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ТУМАСЫ ӨЗ ЕРКІМЕН КЕЛІН БОЛЫП ТҮСІП, АРТЫНША “МЕНІ АЛЫП ҚАШТЫ” ДЕП АРЫЗДАНЫП, АРЫЗДЫ ҚАЙТАРЫП АЛУ ҮШІН 5 МИЛЛИОН ТАЛАП ЕТІП ОТЫР!!! Құрметті қазақ елі, @ruslan_utepbai 15.07.2026 жылы Түркістан қаласы, Созақ ауданының азаматшасы Ілияс Аида Жандосқызы Ұлытау облысы, Қарсақбай кентінің тумасы Жолдыбай Нұрсұлтан есімді азаматпен 9 ай қыз бен жігіт ретінде жүріп, тұрмысқа шығуға өз еркімен келісімін беріп, Қарсақбай кентіне келін болып түсті. Алып қашуды өзі ұсынған азаматша артынан қуып келген қуғыншыларға “Жасым кәмелеттік жастан асқан, 19 ға толған қыз ретінде, шешімді өзімді қабылдаймын, өз еркіммен келдім, мені ешкім күштемеді, бармаймын” деп қарсылық көрсетіп, қолхатын да жазып берген болатын. Қуғыншылар шақыртқан полиция қызметкерлеріне де дәл осылай жауап беріп, видео арқылы мәлімдеме жасаған. Алайда, келесі күні ата-анасы келгенде, өз ойынан айнып, еріп кете берді. Онымен қоймай, “Мені келісімсіз алып қашты” деп жігіттің үстінен арыз жазды. Кешірім сұрап, артынан барған кісілерге, “5 МИЛЛИОН ақша берсеңдер, арызды қайтарып аламыз” деп ашықтан-ашық талап қойған. Ақша беруден бас тартқандары үшін, дәл қазіргі уақытта түрлі айыптаулар тағып жатыр. Атап айтқанда, шындықты айтқандары үшін жігіт жолдас пен өзінің досы қызжолдастың да үстінен арыз жазып, жалған айыппен жігіттің үстінен де іс қозғатып жатыр. 13.07.2026 жылы қыздың өз шақыртуымен Жолдыбай Нұрсұлтан Шымкент қаласына барып, қызға сөз салған. Тіпті сөз салудың барлық іс-шараларын қыздың өзі ұйымдастырып, тапсырыс берген, ал жасалған жұмыстардың барлығының шығынын жігіт өзі төлеген. Сөз салғанда келіскен сурет, видео барлығы бар. Қыздың өз еркімен келгенін дәлелдейтін сурет, видео, қолхат барлық дәлелдер болса да, іс Шымкент қаласының полиция департаментінде дұрыс қаралмай жатыр. Ұлытау облысының тумалары Жолдыбай Нұрсұлтан мен Нұркамал Ерасылды жазықсыздан жазықсыз қамап тастады. Осы істі нақты деректер мен дәлелдерге сүйене отырып, араша түсуілеріңізді сұраймыз!

♬ оригинальный звук - Jasmin

Алайда Ұлытау облысына келін болып түскеннен кейін некеге қатысты ұстанымын өзгерткені туралы мәлімет тараған

Жағдайға қатысты Шымкент қаласы полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

Ведомство мәліметінше, бойжеткенді некеге тұруға мәжбүрлеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, арызданушыны Шымкенттегі демалыс орындарының бірінен еркінен тыс алып кетіп, некеге тұруға мәжбүрлеген.

— Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде екі күдіктінің жеке басы анықталып, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Шымкентте Нұрай Серікбайды аса қатыгездікпен өлтіріп, некеге тұруға мәжбүрлеген және аңдыған Шерхан Аймаханның өмір бойына бас бостандығынан айырылғанын жазған едік