Шымкенттік полицейлер жүргізген жедел шаралар барысында есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен «Қызылжар» шағын ауданының тұрғындары ұсталды. 47 жастағы қала тұрғынының үйінен бір қап апиын мен кептірілген марихуана табылды. Екінші күдіктінің үйінен құрамында есірткісі бар өсімдіктің тұқымдары мен атыс қаруы тәркіленді.
Тағы бір жергілікті тұрғынның 5 келі марихуана сақтағаны анықталса, 38 жастағы ер адамнан есірткі шөбімен толтырылған 32 сіріңке қорабы алынды.
«Анықталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары есірткіге қатысты кез келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді», - делінген Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.