Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, өзгерістер 1 қазаннан бастап күшіне енді.
Атап айтқанда:
— № 5 автобус бағытына қосымша 1 кесте қосылды;
— № 9 бағыттың қозғалыс сызбасы Бозарық шағынауданында жаңадан пайдалануға берілген көпқабатты үйлерге дейін ұзартылды;
— № 12 бағыттың қозғалыс жолы «Coca-Cola» өндірістік базасына дейін ұзартылды;
— № 18 бағыттың қозғалысы «Цитадель» аялдамасы арқылы ұйымдастырылды;
— № 21 автобус бағыты Құрсай шағынауданындағы Жаңақұрылыс көшесіне дейін ұзартылды;
— № 25 автобус бағытына қосымша 1 кесте қосылды;
— № 42 бағыттың қозғалыс жолы Қайтпас шағынауданынан Тұран шағынауданындағы «Жас Отау» тұрғын үйлеріне дейін ұзартылып, қосымша 1 кесте енгізілді;
— № 51 бағыттың қозғалысы «Алаш» базарынан Шардара көшесіне дейін ұзартылып, қосымша 1 кесте қосылды;
— № 54 бағыттың қозғалысы № 72 мектеп арқылы ұйымдастырылды;
— № 66 бағыттың қозғалыс сызбасы Ынтымақ шағынауданындағы Жоласар көшесі арқылы ұйымдастырылды;
— № 70 автобус бағытына демалыс күндеріне қосымша 2 кесте қосылды;
— № 171 бағытқа қосымша 1 кесте енгізілді;
— № 206 бағыттың қозғалыс сызбасына қосымша 2 кесте қосылды.
Бұған дейін Шымкенттегі автобус тапшылығы мәселесі туралы жазған едік.