Шымкентте дәнекерлеуші бір отбасын өлімнен құтқарып қалды
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Жедел жәрдем жеті минуттан кейін келген. Дәрігерлердің айтуынша, слесарьдың шұғыл әрекеті бір отбасын өлімнен аман алып қалды.
Оқиға 14 қазан күні болды. Дәнекерлеуші Ермахан Манқараев шақырту бойынша пәтердегі газ жабдығын тексеру келген. Жұмыс барысында ол көміртегі тотығының қауіпті деңгейін анықтап, дереу шара қолданған. Содан көрші пәтер ішінен әлсіз дауысты естіген. Қосалқы кілт арқылы есікті ашып кіргенде, ес-түссіз жатқан балаларды және ауыр халдегі ананы көрген.
Ермахан Манқараев бірден газ аспаптарын сөндіріп, терезелерді ашып, балаларды құтқаруға кіріскен. Балалардың бірі ауыр қалде болғандықтан, слесарь дереу жүрекке жабық массажын жасаған.
«Мен балаларды таза ауамен демалуы үшін ашық терезенің жанына жатқыздым және әкесін шақырдым, ол да есінен танғандай еді. Ал аналарымен пәтер иесі мен көршісі айналысты», - дейді дәнекерлеуші.
Зардап шеккен отбасы мүшелері Ермахан мен басқа да көмек көрсеткен жандарға алғысын білдірді.
«Егер Ермахан аға және басқалар болмағанда, біз қазір тірі болмас едік», — деді балалардың анасы.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің батылдығы мен жедел әрекетінің арқасында екі кішкентай баласы бар отбасының өмірін аман алып қалған дәнекерлеуші Ермахан Маңқараевты салтанатты түрде марапаттады. Қала әкімі қайғылы оқиғаның алдын алған газ қызметкерінің қырағылығы мен кәсібилігін атап өтіп, алғысын білдірді.