Шымкентте дәрігерлерді ұрмақ болған ер адам белгісіз сұйықтық ішкен

Фото: Photo: kazinform.kz

Шымкентте дәрігерлерді ұрмақ болған ер адам белгісіз сұйықтық ішкен. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

28 жастағы ер адам белгісіз сұйықтықты ішіп қойғаннан кейін туыстары жедел жәрдем шақырған. Содан дәрігерлер оны гипербариялық оксигенация орталығына алып барған.
«Дәрігерлер науқасты тексеріп шыққан соң, психикалық қозу жағдайының болуына байланысты ем шараларын жүргізу мақсатында жансақтау бөлімшесіне кіргізген. Алайда ол медицина қызметкерлеріне күш көрсетіп, қарсылық танытқан. Орын алған жағдайға байланысты 102 қызметіне хабар берілді» делінген Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте дәрігерлерді ұрмақ болған ер адам қамауға алынғанын жазған болатынбыз.