Шымкентте Дендросаябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды
15:30, 22 Ақпан 2026
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Бүгін таңғы уақытта Шымкент қаласындағы Дендросаябақ аумағында адам өлімі тіркелді.
Осы жайтқа қатысты Шымкент қаласы Полиция департаменті ресми түсінік берді.
Ведомствоның мәліметінше, полицияға суицид белгілері бар мәйіттің табылғаны туралы хабарлама түскен.
– Аталған дерек бойынша өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Бұдан бұрын Шымкентте кәмелетке толмаған қызға шабуыл жасамақ болған жасөспірім ұсталғанын жазған едік.