Ең күрделі ота 18 қазанда жасалды. Қос бүйрегі істен шығып, ауыр дертке шалдыққан 39 жастағы тұрғынға хирургиялық жолмен туған бауырының бүйрегі салынды. Қазір донор мен реципиенттің жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылды.
«Трансплантация жоғары технологиялық ота түріне жатады. Мұндай операция бүйрек жетіспеушілігіне шалдыққан азаматтардың өмірін аман алып қалуға зор мүмкіндік береді. Ағза алмастыру отасы мемлекет есебінен тегін жасалады. Қазір барлық донор мен реципиенттердің жағдайы жақсы, дәрігерлер бақылауында» - делінген Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.