Шымкентте екі сотқа жаңа судьялар тағайындалды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Шымкент қалалық сотының төрағасы Әділхан Шайхисламов ҚР Президентінің 2026 жылғы 29 шілдедегі № 1382 Жарлығымен жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды.

Фото: Шымкент соты

Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болып Нәсиба Розикулова тағайындалды.

Ол 1979 жылы туған. 2002-2003 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасында адвокат тағылымдамасынан өткен. 2003 жылдан 2025 жылға дейін облыстық адвокаттар алқасында адвокат қызметін атқарған.

Сондай-ақ Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы болып Данияр Жұматаев тағайындалды.

Ол 1988 жылы туған. Еңбек жолын 2010 жылы Оңтүстік-Шығыс өңіраралық теміржол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінде бастаған. Әр жылдары «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның ОҚО филиалында, Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің ОҚО бойынша департаментінде, «Seikhun» ЖШС-де қызмет атқарған.

2014-2025 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары бойынша департаменттерінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 2025-2026 жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті Сотқа дейінгі тергеу басқармасының мемлекеттік басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарды тергеу бөлімінде аса маңызды істер бойынша аға тергеуші болған.

Бұған дейін Алматы облыстық сотына жаңа төраға тағайындалғанын жазған едік