Шымкентте екі жасар баланы туысы 4-қабаттың терезесінен лақтырып жіберді
12:00, 24 Қараша 2023
Шымкентте 2 жасар сәбиді туысы 4-қабаттың терезесінен тастап жіберді, деп хабарлайды Kazinform.
Оқиға әл-Фараби ауданына қарасты Ғ.Иляев көшесінің бойында болған.
Шымкент қаласы ТЖД таратқан ақпаратқа сүйенсек, 2021 жылы туған сәбиді психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын туысы 4-ші қабаттың терезесінен төменге тастап жіберген.
Қазір сәби ауруханада ем қабылдап жатыр, жағдайы ауыр.
«Жедел жәрдем қызметінен кеше кешкісін баланың терезеден құлағаны туралы хабар келіп түсті. Оқиғаның мән-жайын полиция департаментінің қызметкерлері анықтап жатыр» делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.