ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Шымкентте Республика күніне орай қаладағы ең биік ту тұғырына мемлекеттік ту көтерілді. Биіктігі — 100 метр.
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform
Салтанатты рәсімге мегаполис әкімі, қалалық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, атақты спортшылар, БАҚ өкілдері және қаладағы жастар қауымы қатысты.
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform
Қала тұрғындарын айтулы оқиғамен құттықтаған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Tulip Hall» кешенінің жанында орналасқан жаңа мақтаныш пен бірлік нышаны қала тұрғындары мен қонақтары үшін тағы бір сәулет нысанына айналатынын атап өтті.
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform
Көлемі 30×15 метрлік үлкен туды қаланың әр нүктесінен көруге болады. Салтанатты шараға жиналған тұрғындардың айтуынша, көкке көтерілген ту бірлік пен мақтаныш сезімін тудырып, баршаны бір ту астына жинайтындай әсер қалдырады.
Фото: Мақсат Шағырбай / KazinformФото: Мақсат Шағырбай / KazinformФото: Мақсат Шағырбай / Kazinform
Бүгін сондай-ақ Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді.
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.