Аталған оқиғаға бойынша полицияға көпқабатты тұрғын үйдің ауласында мәйіттің табылғаны туралы хабарлама түскен.
— Полиция суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта істің мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.
Бұдан бұрын Шымкентте көпқабатты тұрғын үйден ер адамның денесі табылғанын жазған едік.
Сонымен қатар, Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі білім комитеті өкілі студент жатақханаларында суицидтің жиілеуін БАҚ жұмысымен байланыстырды.