Жалдамалы пәтерге жүргізілген тінту барысында полицейлер құрамында мефедрон психотроптық заты бар үш ораманы тауып, тәркіледі.
Тексеру барысында күдіктінің қыркүйек айынан бастап есірткі сататын интернет-дүкеннің курьері әрі ораушысы ретінде заңсыз қызмет істегені анықталды.
— Кейін күдіктінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттері барысында қала аумағынан жасырылған орын анықталып, одан мефедрон салынған ірі орама тәркіленді.
Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 200 грамнан асады, — делінген хабарламада.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Айта кетелік 109 келі есірткі тәркіленді: Каспий теңізінде халықаралық есірткі арнасының жолы кесілген еді.