Шымкентте есірткі зертханасы жойылды

Фото: Фото: ҰҚК

АСТАНА. KAZINFORM —  6 ақпанында ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасын жойды.

Психотроптық заттарды дайындау барысында Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Фото: ҰҚК
Фото: ҰҚК

- Тінту барысында 7 килограммнан аса «альфа-PVP» есірткі құралы, 500 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген, - делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.

Фото: ҰҚК

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетелік бұған дейін Алматы облысында есірткі зертханасы жойылған болатын