Шымкент қаласының прокуратурасының ақпаратына сәйкес, топ мүшелері Шымкент қаласында есірткі зертханаларын ашып, прекурсорларды пайдалану арқылы есірткі заттарын өндірумен, сатумен айналысқан.
Арнайы операция жүргізу барысында қылмыстық топтың 4 мүшесі ұсталып, олардан 3 кг аса психотроптық заттар, зертхана жабдықтары мен қаражаттар тәркіленді.
— Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі үкімімен аталған азаматтар қылмыстық топ құру және оған қатысу, сондай-ақ аса ірі көлемде психотроптық заттарды сату, дайындау, өңдеу және сақтау, қылмыстық жолмен келген мүлікті заңдастыру фактілері бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылдан 15 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын Петропавлда синтетикалық есірткі таратқан тұрғын 7 жылға сотталғанын жаздық.