Газ берудің уақытша шектелуіне байланысты автогаз құю станцияларында кезек көбейген. Салдарынан бірқатар автобус бағыттары белгіленген кестеден кешігіп жатыр.
Уақытша кідіріс №5, 10, 15, 17, 21, 26, 34, 52, 66, 75, 113, 133, 138, 158, 182 және 191 бағыттарында байқалады.
– Автогаз құю станцияларындағы кезекке байланысты кейбір автобустардың жанармай құю уақыты ұзарды. Соның әсерінен бағытқа кеш шығу жағдайлары болып жатыр. Газбен жабдықтау жүйесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қоғамдық көліктер қалыпты режимде қатынайды, – деп хабарлады қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.
Ведомство қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.
Бұған дейін Шымкентте 17 газ таратушы мекемеге сұйық отын талапқа сай бөлінбегені туралы хабарлаған едік.