Шымкентте газ жарылысынан бір адам қаза тапты, тағы екі адам ауруханада жатыр

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Шымкентте жеке тұрғын үйде газ ауа қоспасының жарылысы болып, бір адам қаза тапты, зардап шеккен тағы екі адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Бұл ақпаратты қалалық төтенше жағдайлар департаменті растады.

Фото: Әділет Беремқұлов/ Kazinform

Қайғылы жағдай Абай ауданына қарасты Ынтымақ-2 шағынауданында болған. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне өрт оқиғасы туралы хабарлама түскен.

Анықталғандай, сіріңке жағылып, соның әсірінен үй ішінде жиналған газ тұтанып, жарылыс болған.

— Оқиға орнына жеткенде өрт сөндірушілер келгенге дейін газ ауа қоспасының тарсылы болғаны анықталды. Соның салдарынан 3 адам күйік шалып, ауруханаға жеткізілді, — деді департамент өкілдері.

Алайда жарақат салдарынан 30 жастағы ер адам емханада көз жұмды.

Бұдан бұрын Шымкентте газдан уланған сегіз адам ауруханаға жатқызылғанын жазған едік