Шымкентте инвестордың құқығын бұзған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Прокурорлық қадағалау барысында кәсіпкерге 466,5 млн теңге сомасына заң бұзушылықтарды жою туралы хабарлама негізсіз жолданғаны анықталды.

Фото: Бас прокуратура

Шымкент қаласының прокуратурасы Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан кәсіпкер мен инвестордың қызметіне заңсыз араласу фактілерінің жолын кесті.

Прокурорлық қадағалау барысында кәсіпкерге 466,5 млн теңге сомасына заң бұзуды жою туралы хабарлама негізсіз жолданғаны анықталды. Ал іс жүзінде анықталған бұзудың көлемі 28 млн теңге. Мемлекеттік органның заңсыз әрекеттері кәсіпкер құқығын бұзған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заңсыз хабарлама күшін жойды. Кінәлі лауазымды тұлға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 216 250 теңге айыппұл салынды.

Бұдан бөлек, кәсіпорынның банк шоттарына қойылған шектеуді уақытылы алып тастамау арқылы инвестордың құқықтарын бұзған тағы бір салық органының қызметкері әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Айта кетелік инвесторды заңсыз тексерген мемлекеттік орган жауапқа тартылуы мүмкін