ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Қарсы жолға шыққандар көлік жүргізу құқығынан айрылды.
Картежде жүрген жастар жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған. Атап айтқанда, қарсы жолаққа шығып, тыйым салынған жерде артқа жүрген. Сондай-ақ, кейбірі терезеден шығып тұрған жолаушыларды алып жүріп, өзінің ғана емес, өзгенің де қауіпсіздігін елемеген. Ал темір тұлпарға орнатылған жанып-өшетін маяктар төтенше жағдай тудырып, басқа жүргізушілерді жол беруге мәжбүрлеген.
Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте есірткі таратқан екі әйел ұсталғанын жазған болатынбыз.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.