Шымкентте кәсіпкер үшін жол таңбасы өзгертіліп, жүк тасымалы жеңілдетілді

ШЫМКЕНТ.KAZINFORM - Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы инвестор кең қолданыстағы балмұздақ, жайма өнімдерін шығарушы «Ленгер Групп» ЖШС-ның жүк тасымалын оңтайландырды, деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасы.

Фото: Алматы әкімдігі

Атап айтқанда, «Ленгер Групп» ЖШС-нің Шымкент қаласындағы өндірістік қоймасы орналасқан Б.Саттарханов көшесіндегі жол бойындағы тұтас жолақ қоймадан өнімдерді тасуға арналған жүк көліктеріне қолайсыздықтар тудырған.

Кәсіпкердің аталған мәселе бойынша уәкілетті органдарға келтірген шағымдары нәтижесіз қалған.

- Аудан прокуратурасының ықпал етуімен инвесторда туындаған мәселені шешу мақсатында тиісті органға хат жолданып, қоймаға кіретін көше бойындағы тұтас сызық үзік сызық жол таңбасына ауыстырылды. Осылайша жүк тасымалына қолайлы жағдай жасалды,-делінген хабарламада.

Прокуратура органы тосқауылдарға тап болған инвесторлар мен кәсіпкерлерді 77076150010 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.

Осыған деін хабарлағанымыздай, Абай облысында прокуратураның ықпалымен 12 млрд теңгелік жобаның мәселесі шешілді.