Шымкентте кәсіпкерге негізсіз кедергі келтірген әкімдік қызметкерлері жауапкершілікке тартылды
Шымкентте кәсіпкерге негізсіз кедергі келтірген әкімдік қызметкерлері жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Kazinform.
Жергілікті кәсіпкер Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке әкімдіктің лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттеріне шағымданып, жүгінген.
Шенеуніктер бірнеше ай бойы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы соманы қайтаруды негізсіз кешіктірген.
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменттің араласуынан кейін жауапты мемлекеттік қызметкерлерге қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, құқық бұзушылықтар расталып, тиісті тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестік шотына 11 млн теңге көлеміндегі шартты қамтамасыз ету сомасы қайтарылды.