Ел тұрғындары басмашылар қозғалысына материалдық көмек көрсету, қарулы топ құру және Кеңес үкіметіне қарсы көтеріліс ұйымдастыру айыптарымен сотталған.
Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Бас прокурордың орынбасары Светлана Артыкова тарихи дәлелдерді ұсына отырып, кассациялық наразылық білдірді. Ал сот бұл айғақтарды терең зерделей отыра, 8 қылмыстық іс аясында сотталған 161 адамға қатысты ақтау үкімін шығарды.
– Тарихи әділеттілік орнату, тоталитарлық режим кезеңінде әділетсіз айыпталған, мүлкі тәркіленген және өздері қуғын-сүргінге ұшыраған ата-бабаларымызды ақтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Елдің тәуелсіздігі, діні, сенімі және мәдениеті үшін өзін құрбан еткен тұлғалардың есімі халқымыздың жадында мәңгі сақталады, - делінген Жоғарғы соттың хабарламасында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанда II Дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 30 млн сум беріледі.