Қала прокуратурасы жүргізген талдау барысында сыртқы жарнама бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан бірқатар заң бұзушылықтарға жол берілгені анықталды.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, хабарлама бермеген 4286 кәсіпкерге мемлекеттік бақылау нәтижесінде алдын ала ұсыным берілмей, бұзушылықтарды өз еркімен жою мүмкіндігі шектелген. Сонымен қатар жарнама болып саналмайтын 127 нысан (маңдайша) сыртқы жарнама ретінде есепке алынып, төлемақылар белгіленген. Ал сыртқы жарнама нысанын орнатпаған 115 тұлға негізсіз төлем төлеуші ретінде танылған.
– Осының салдарынан кәсіпкерлерге жалпы көлемі 260 млн теңге төлемақы негізсіз есептелген. Прокурорлық қадағалау актілері нәтижесінде бюджетке заңсыз өндірілген төлемақы қайтарылып, 2571 кәсіпкер мен жеке тұлғаның құқығы қорғалды. Сонымен қатар кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Шымкент қаласының прокуратурасы.
Бұдан бұрын Шымкентте жарнама төлемін есептеу кәсіпкерлер арасында түсінбеушілік тудырғанын жазған едік.