Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, әйел концерт кезінде болған оқиға туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат жариялап, тұрғындар арасында негізсіз алаңдаушылық туғызған.
— Полиция қызметкерлері жүргізген іс-шаралар нәтижесінде әйелдің жеке басы анықталып, тиісті материалдар жинақталды. Құжаттар заңда белгіленген тәртіппен қарау және шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, — делінген хабарламада.
Полиция азаматтарды жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертіп, жарияланымдардың шынайылығын тексеруге үндеді.
Бұған дейін Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде 8 адамның медициналық көмекке жүгінгені және осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазған едік.
Сондай-ақ концертті ұйымдастырушының ұсталғанын хабарлағанбыз.