Шымкентте кермеге асылып қалған 20 жастағы жігіттің денесі табылды
01:29, 18 Қазан 2023
Шымкентте турникке асылып қалған 20 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Kazinform.
Оқиға Қ. Қазиев көшесі бойындағы мектеп аулаларының бірінде болған. 20 жастағы жігіт кермеге (турник) байланған қалың жіпке асылып қалған.
Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қазіргі таңда аталған оқиғаға қатысты Тұран аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық Кодексiнің 105-бабы «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Экспертиза да тағайындалған.