Шымкентте турникке асылып қалған 20 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Kazinform.
Оқиға Қ. Қазиев көшесі бойындағы мектеп аулаларының бірінде болған. 20 жастағы жігіт кермеге (турник) байланған қалың жіпке асылып қалған.
Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қазіргі таңда аталған оқиғаға қатысты Тұран аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық Кодексiнің 105-бабы «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Экспертиза да тағайындалған.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.