ШЫМКЕНТ.KAZINFORM — 21-22 наурыз мереке күндері қалалық қоғамдық көліктерде Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары тегін тасымалданады.
«Наурыз мпрекесіне орай қала аумағында мыңға тарта қоғамдық көлік 77 бағытта жолаушыларды тасымалдаумен айналысады» - делінген қала әкімдігі таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ, Наурыз мерекесіне орай, 18 жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 20 АЕК, ал қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 АЕК мөлшерінде жыл сайынғы бір реттік әлеуметтік көмек беріледі.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.