Шымкентте көлік жөндеу орталығынан өрт шығып, екі жұмысшы зардап шекті

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Шымкент қаласының Тұран ауданындағы автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орталығында өрт шығып, екі жұмысшыны күйік шалды. Олар ауруханаға жеткізілді.

Кадр из видео

Көлік жөндеу орталығындағы қою түтін мен ашық жалын бейнеленген видеолар әлеуметтік желілерде тарады. Желі қолданушылары өрт көліктің жанармай багын жөндеу кезінде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін екенін болжаған. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. 

Өрт салдарынан көлік жөндеу орталығының екі қызметкері жеңіл дәрежеде күйік шалып, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір мамандар өрттің нақты себебін анықтап жатыр.

Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Бұған дейін Алматы қаласында 40 контейнерден тұратын қоймада өрт шыққаны туралы хабарлаған едік.